• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Жамбыл политехникалық колледжінде ИИДМБ аясында мамандарды  дайындау басталды (ФОТО) 21.10.2016

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының міндеті техникалық және кәсіптік білім (ТжКБ) қолжетімділігін және кадрларды даярлау сапасын қамтамасыз ету, елдің индустриялық-инновациялық даму сұраныстарын ескере отырып, ТжКБ мазмұнын жаңғырту болып табылады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында атап көрсеткендей, халықты еңбекпен қамту мәселесін шешу үшін кәсіби-техникалық және жоғары білім ең бірінші кезекте ұлттық экономиканың мамандарға деген қазіргі және келешектегі сұранысын барынша өтеуге бағдар ұстауы тиіс. Осы мақсатта отандық өндірістерге қажетті білікті мамандар даярлаумен айналысатын облысымыздың техникалық және кәсіптік білім беру саласында елеулі жұмыстар атқарылуда.

2016-2017 оқу жылында 49 техникалық және кәсіптік білім мекемелерінде (26 - мемлекеттік, 23 - мемлекеттік емес) 26 963 білімгер 89 мамандық, 133 біліктілік бойынша білім алуда.

2016-2017 оқу жылына - 8504 білімгер қабылданып, оның 7129-ы күндізгі бөлімде білім алуда.

2016 жылы мемлекеттік тапсырыс негізінде техникалық және кәсіптік білімді мамандар дайындауға 56 мамандық бойынша 4123 орын бөлінді, оның ішінде жұмысшы мамандықтар көлемі - 2456 (59,6%) орынды құрады. Бөлінген мемлекеттік тапсырыс көлемі 2015 жылға қарағанда 383 орынға артты.

Сонымен қатар спикердің мәлімдеуінше, Жамбыл политехникалық колледжінде 2016-2017 оқу жылына «Есептеу техникалары және бағдарламалық қамтамасыз ету», «Ақпараттық жүйелер» мамандықтары бойынша мемлекеттік тапсырыс негізінде 100 орын бөлініп аталған мамандықтар ағылшын тілінде оқытылатын болады.

2016-2017 оқу жылында 31 колледжде 28 мамандық бойынша оқытудың дуалды жүйесі енгізіліп, оған 2530 білімгер қамтылды. Дуалды оқыту жүйесі бойынша әлеуметтік серіктестермен 153 келісімшарт жасалды Сондай-ақ, әлеуметтік серіктесті үйлестіру мақсатында техникалық және кәсіптік білім мекемелері ірі өндіріс орындарымен, шаруа қожалықтарымен, басқа да мүдделі мекемелермен білім алушыларды өндірістік практикадан өткізу және жұмыспен қамту мақсатында 1676 келісімшарттар мен меморандумдар (2015-2016 оқу жылында 1361) жасап білімгерлерді өндірістік практикадан өткізу үшін әлеуметтік серіктестер тарапынан 14800 орын қарастырылды. 2016-2017 оқу жылына техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде жұмыс берушілер есебінен 4,9 млн. теңге бөлініп, 60 білімгер кәсіптік біліммен қамтылып отыр.

«Ұлт жоспары – 100 нақты қадамды» жүзеге асыру - білім беру ұйымдарының басты міндеті.

77-ші қадамға сәйкес елімізде жүзеге асырылатын инновациялық жобаларды кадрлармен қамтамасыз ету мақсатында Жамбыл политехникалық колледжі «Ең үздік 10 колледж» қатарына енгізіліп, 2 мамандық бойынша жаңа білім беру бағдарламаларын Австралиялық және Германдық әдістеме бойынша жасап, алдағы оқу жылынан бастап мамандар дайындамақ.

Алдағы уақытта облыстық білім басқармасы ТжКБ ұйымдары желісін оңтайландыру жұмыстарын жалғастыратын болады, - деді Жамила Елеуқызы

 


Back to the list