• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
ОҚО-да  полиэтилен өнімдерін  қайта өңдейтін зауыт жылына 50 мың тонна өнім өндіреді (ФОТО) 28.09.2016

Ірі өндіріс орнының қазығын қағу салтанатты шарасына шетелдік бірқатар ірі компаниялардың өкілдері қатысты.

Еске салайық, бұл жоба осы жылдың 28-29 сәуірінде өткен «Ontustik Invest-2016» халықаралық инвестициялық форумы аясында қол қойылған ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде жүзеге асып отыр.

Аталған жобаны әлемге танымал  шетелдік HONGKONG TIANRUN CO.,LTD ірі өндіріс компаниясы облыс әкімдігімен және Green Technology Industries компаниясымен бірлесе отырып салмақ. Бүгінде бұл компания  70 мемлекетте өндіріс орындарын ашып үлгерген.

Өңірдің әлеуметтік-экономикасының дамуына серпіліс беретін зауыт іске қосылған кезде 250 адам жұмыспен қамтылады деп жоспарлануда.

 


Back to the list