• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
ИИДМБ: Алматыда алюминий  өндіретін жаңғыртылған зауыт іске қосылды 28.09.2016

«АЛПРОФ» ЖШС кәсіпорнын жаңғырту  индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында өтті, деп хабарлады қала әкімдігінде.

Сонымен қатар, «Бизнестің жол картасы- 2020» бағдарламасы бойынша кәсіпорын электронды жабдықтарды толық ауыстыру үшін несие бойынша пайыздық мөлшерлемемен субсидия алды және ол өндірістің қуаттылығын 35%-ға арттыратын болады.

«Жаңғыртудың арқасында зауыт өндірісін жылына 7 200 тоннадан 10000 тоннаға дейін өсірді. Ол Қазақстандағы нарықтың шамамен 25% үлесі. 20-дан астам қызметкер жұмыс істейтін кәсіпорын шығарылған тауарларын ТМД елдеріне экспорттайды»,-деп хабарламада айтылған.

Айта кетейік, «АЛПРОФ» ЖШС Қазақстанда алюминий профилін өндіретін алғашқы зауыт.


Back to the list