• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
2016 жылдың 8 айында  индустрияландыру жобалары 1,3 трлн теңгенің  өнімін шығарды – ҚР ИДМ 27.09.2016

«Индустриалды саясатты жүзеге асырудың нәтижесінде өңдеу секторы тұрақтанды және даму деңгейінде қалады. 2015 жылдың қортындысы бойынша өңдеу секторының өсімі 100,2% құрады. Аталмыш тенденция биыл да сақталып, 8 айдағы көрсеткіш 100,7% құрап отыр. Индустрияландыру бағдарламасының негізгі басым салаларының арқасында өсім артты. (қара және түсті металлургия, химиялық өнеркәсіп)», - дді министр.

Индустрияландыру бағдарламасы жүзеге асқан кезден бастап енген жобалар жалпы сомасы 7 трлн. теңгенің өнімін өндірген. Ал, 2016 жылдың 8 айында 1,3 трлн. теңгенің өнімі шығарылған.  Картаға енгізілген жобалар ай сайын 160 млрд. теңгеден асатам соманың өнімін өндіреді. Биылғы 8 айда іске қосылған жобалар есебінен жалпы өңдеу өнеркәсібі көлемінің 17,5% шығарылды. 2010-2015 жылдары іске қосылған жобалар бойынша экспорттық өнім көлемі 1,5 трлн. теңгені құрады.

Жобалардың 93% жеке бизнес есебінен жүзеге асырылса, жалпы сомасы 277 млрд. теңге болатын 26 жоба мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылды.

Негізгі капиталдың инвестициялық оң динамикасы сақталуда. Биылғы жылдың 8 айында инвестицияның негізгі капиталы 4,8% өсті (4,3 трлн. теңге – 12,6 млрд. долл.).

Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында таза тікелей шетелдік инвестиция ағыны ұлғайып, 5,7 млрд. долларға жетті.

Ботагөз Айтжанова


Back to the list