• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Көкшетауда 2014 жылы ҮИИДМБ аясында 3 жоба жүзеге асырылды 11.02.2015

Индустрияландыру картасы бойынша 2014 жылы 3 жоба жүзеге асырылған: қуаттылығы жылына 50 мың.м2болатын үй құрылысының комбинаты, қуатылығы жылына 40 мың тонна болатын комбикорм зауыты және жоба құны 300 млн. теңгені құрайтын, қуаттылығы 60 мың ш.м., жиынтықтық-монолиттік қондырғы.

«Бірқатар кәсіпорындар өндіріс көлемін ұлғайтуға қол жеткізген. 2014 жылы 1254 автокөліктің жиналымы жүзеге асырылған, 3 млрд. 316,5 млн. теңгенің полипропилендік бумалары өндірілген, керамикалық кірпіш өндірісінің көлемі 8,7% артқан, «КМЗ «Молоко синегорья» өндірген сүт көлемі   45,6 мың. тоннаны құраған», - деді әкім.

Жалпы өнімнің көлемі 2,3  млрд. теңгені құраған, өнім ФИК-і өткен жылғы деңгеймен салыстырғанда - 100,1 % құраған.  Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі: ет өнімі 17,6%, сүт өнімі – 7,4%, жұмыртқа –  0,3% өскен.

 

 


Back to the list