10.02.2015
Фермада сүт цехі, өз өнімдері арқылы қоректендіру базасы, өндірістің толық қуаттылығына шығатын техника да сатып алынған. Ферманың қуаттылығы жылына – 1440 тонна сүт пен 2880 тонна сүт өнімі.
Қазіргі таңда ферманы 1000 басқа дейін жеткізу үшін шаралар жүзеге асырылуда. Жобаның құны – 1,9 млрд теңге. Жобада биокешен құрылысын кеңейту бойынша қалдықты жою мен қайта өңдеудің тәулігіне 18 текше метр қуаттылығына шығу жоспарланған.
Сондай-ақ, испандық компанияның «Eleusis» технологиясы арқылы жасыл қоректендіруді әзірлейтін цехтің құрылысы жоспарланған. «Аталмыш құрылығының мүмкіндігі Атырау облысының климаттық жағдайын ескереді», - деп хабарлады ІСБ.
Айта кетерлігі, өндірісте 80 адам жұмыс істеуде. Жылдық кіріс 874 млн теңгені құрайды.