• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
ИИДМБ: Атырау облысында биыл  11 жобаны іске қосу жоспарланған 09.02.2015

Ол атап өткендей, 2015 жылы болашақта Индустрияландыру картасынан шығарылатын 14 жобаны жобалық қуаттылығына жеткізу көзделуде.

Оның айтуынша бірінші кезекте АМӨЗ-дің кешендері, химиялық реагенттер өндірісі бойынша  «Кемикал Солюшнс» ЖШС, фармацевтикалық зауыт, оптикалық сымдар өнідірісі бойынша зауыт, қуаттылығы 100 және 110 Мвт электрстанциясы, «Ескене»ВЖО» ЖШС пайдаланылуға беріледі және «Первомайский» ЖШС қуаттылығы арттырылады.

«Бізде алғаш рет пропилен негізінде сутек тотығы мен синтетикалық материал өндіріледі. Бізде жер көлемі 210 гектар арнайы инновациялық аймақ құрылуда. Оның аумағында шағын және орта бизнестің 40 жобасы орналасады және 2 мыңнан астам жұмыс орны ашылады», - деп атап өтті Г.Дюсембаев.

Айта кетерлік жайт, 2014 жылы аймақта жалпы құны 10,8 млрд теңге болатын 13 инвестициялық жоба пайдаланылуға берілді. Оның ішінде ҮИИД МБ  бойынша 8 жоба жалпы құны 9 млрд теңгені құраса, агроөндірістік кешенде - 5 жоба, жалпы құны 1,8 млрд теңге.


Back to the list