09.02.2015
«2010-2014 жылдарға арналған Үдемелі индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында аумақта 17 инвестициялық жоба жүзеге асырылды, оған 79,3 млрд теңге жұмсалды және 1512 жұмыс орны ашылды», - деді Ақтау қаласының әкімі жергілікті тұрғындармен есепті кездесу барысында.
Олардың ішінде 2014 жылы 4 жоба іске қосылды - Слайд 15 ,16 «ДИС» ЖШС, «КИС-Актау» ЖШС «Каспий Тас Жол»ЖШС, «Каспио Пласт»ЖШС. Жалпы жобалық құны 1,8 млрд теңге және 192 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді.
«Бұдан басқа, қалада көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша жұмыстар атқарылды. № 24, № 25 пен № 27 автожолдары 489,5 млн теңгеге салынды. Ал, қаладағы жаңа шағын аудандарды дамыту шеңберінде 12-ден 19А шағын ауданына дейін ұзындығы 2,3 км және сметалық қуаттылығы 696 млн теңге автожолдың құрылсы басталды», - деп ол хабарлады.