• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
«Кәсіпқор» холдингі ИИДМБ жүзеге асыру аясындағы  аса қажетті мамандықтарды атады (ВИДЕО) 09.02.2015

«Индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының жобалары заманауи өндірістер болмақ. Бірінші кезекте ол операторларға, аппарат жасаушыларға, дәнекерлеуші-құрастырушыларға, машинистерге және электршілерге негізделеді», - деп мәлімдеді Қ. Бөрібеков.

Төраға орынбасырының айтуынша, бүгінде аса  қажетті мамандықтар құрылыс пен метал өңдеу саласына тиесілі.

«Құрылыс бізде заманауи технологиялармен қатар жақсы дамып келеді. Сондай-ақ метал өңдеу саласы да кенже қалып жатқан жоқ. Қарағандыдағы машина құрылысы зауыттырында жаңа станоктар орнатылуда, олармен жұмыс істеу үшін бірқатар саланы бірдей меңгерген  жоғары білікті мамандар қажет», - деп толықтырды ол.

Бір сөзбен айтқанда бізге бұрынғыны қарағанда жоғары білікті мамандар керек.

«Бұл мамандар аталмыш станоктардың бағдарламасын жүргізе алуы керек, оның жұмысын түзетіп немесе одан ары бақылай алуы тиіс. Сондықтанда ол кешегі токарь емес, ол инженерлік білімі бар тоқар болуы шарт. Міне осындай мамандар бізге керек», - деп түйді Бөрібеков.

Индира Кауметова    


Back to the list