• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Жамбыл облысында ҮИИДМБ аясында 990 жұмыс орны ашылды 09.02.2015

Жамбыл облысының әкімдігі хабарлағандай, «Talas Investment Company» ЖШС-ң жалпы құны 12,9 млрд. теңгені құрайтын, жобалық қуаттылығы жылына 15000 тонна цианид натрийін өндіру көзделген зауыт құрылысы. Жоба 2014 жылдың маусым айында іске қосылып, 491 жұмыс орны ашылды.    

 «БиномСтройДеталь» ЖШС-ң жобалық қуаттылығы жылына 19500 м³ қабырғалы панельдер шығаруға арналған үй-құрылыс комбинаты. Құны 500,0 млн. теңгені құрайтын жоба өткен жылдың маусым айында іске қосылып,  65 жұмыс орны ашылды.

 «Vista International» ЖШС-ң жалпы құны 6362,0 млн.теңгені құраған, қуаттылығы тәулігіне 21 мВт электр энергиясын өндіретін Қордай                         жел электр станциясының құрылысы. Өткен жылдың қараша айында                      іске қосылған электр станцияда 13 жаңа жұмыс орны ашылды.

«Арайстроймаркет» ЖШС-ң алюминь радиаторларын өндіретін шағын зауыты. Жалпы құны 300,0 млн.теңгені құрайтын жобада жылына 250 мың дана радиаторлар шығару көзделген. Жоба 2014 жылдың  қараша айында іске қосылып, 25 жұмыс орындары ашылды.

«Central Asia Gold Production» ЖШС-ң  жобалық қуаттылығы жылына 500 кг. доре қорытпасын өндіруге бағытталған бағалы металл өндіретін зауыт құрылысы. Жалпы құны 2100,0 млн. теңгені құрайтын жоба 2014 жылдың   желтоқсан айында іске қосылып, онда 150 жұмыс орындары ашылды. 

«Мың-Арал Компаниясы» ЖШС-ң жалпы құны 600,0 млн. теңгені құрайтын, қуаттылығы жылына 1200 тонна балық өнімдерін шығару көзделген балық өңдеу зауыты. Мұнда 250 жаңа жұмыс орындары ашылды.Жоба 2014 жылдың желтоқсан айында іске қосылды.

Жыл қорытындысы бойынша индустриаландыру картасына еніп, іске қосылған инвестициялық жобалар бойынша өндірілген өнім көлемі 40,2 млрд. теңгені  немесе облыстың жалпы өнеркәсіп өнімі көлемінің 14,5% құрады. 


Back to the list