• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазақстанда ҮИИДМБ жүзеге асырылған жылдары ЖІӨ 30%-ға артты 06.02.2015

Өндірісте жұмыспен қамтылғандар саны 2008 жылмен салыстырғанда 120 мың адамға артып,  1 млн адамнан асып жығылды.  Оның ішінде қайта өңдеу саласында - 548 мың адам. Статистика бойынша өндіріс ошағындағы он жұмыс орынының жетеуі Индустрияландыру картасы аясында ашылған.

Экономиканың тиімділіг артты, мысалы  2013 жылы қайта өңдеу саласындағы еңбек өнімділігі 57%-ға артса, дәл осы жылы кәсіпорынның әр жұмысшысы 20 мың доллардан астам қаражаттың өнімін өндірді. Бұл 2008 жылдан жоғары.

Бұдан басқа, экономиканың энергосыйымдылығы 18,6%-ға төмендеді. Демек экономиканың 37,7 млн тонна тас көмірі үнемделді немесе  16,6 млн тонна мұнайы, я болмаса 19,2 млрд текше метр көгілдір отыны үнемделді деуге болады.

Осылайша 2008 жылмен салыстырғанда 2013 жылы кәсіпорындардың инновациялық тиімділігі 2 есе артып, инновациялық өнімді өндіру 5 есе көбейді. 


Back to the list