05.02.2015
Бүгін Астана қаласының индустриялық паркінің кеңесі барысында Астанадағы жергілікті және мемлекет қарамағындағы ірі кәсіпорындарды дамыту мақсатында жалпы сомасы 105 млрд. теңгені құрайтын 10 меморандумға қол қойылды. Олардың қатарында «ҚТЖ» ҰК» АҚ, «Астана ЭКСПО - 2017» ҰҚ» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «СамұрықЭнерго» АҚ, «Транстелеком» АҚ, «ҚазТрансОйл» АҚ, «KEGOK» АҚ, «Қазатомпром» АҚ секілді ірі кәсіпорындар бар.
«Осы орайда біздің басты мақсатымыз - оң нәтиже көрсетіп отырған қала экономикасының қарқынды өсімін сақтап қалу», - деді Әділбек Жақсыбеков.