• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Атырау облысындағы тауарлық-бекіре фермасы жылына 100 мың  тонна балық өндіреді (ФОТО) 05.02.2015

Тауарлы бекіре фермасы «Каспиан Роял Фиш» ЖШС-ның құны  491 млн теңге. Кәсіпорында 25 жұмыс орны ашылған.

Ішкі саясат басқармасының мәліметі бойынша, жобаның өзіндік ерекшелігі онда температурасы реттеліп тұратын арнайы құрылғыда балық үздіксіз өндіріледі және ондағы балықтардың жетілу процесінің мерзімі  2 есеге  қысқарған.

«Алғашқы өнім - жас бекіре балығы мен ұрықтанған материал (ұрықтанған, құрттар ) 50-60 күннен кейін алынды, ал 1,5 жылдан кейін тауарлы бекіре алынады, ал жеуге арналған уылдырық   сәйкесінше 4-5 жылда алынылады», - деп ІСБ түсіндірді. 

Аталып өткендей, жобаның табиғатқа қамқорлық көрсету сипаты бар.

 

 


Back to the list