04.02.2015
Ақпарат бойынша, зауыт жылына 15 мың тонна натрий цианидін, 5 мың тонна амоний сульфатын өндіреді. Жалпы, жобаны «Talas Investment Company»ЖШС ұсынған.
Аталып өткендей, жобаның құны 12 900 млн теңгені құрады, ҮИИДМБ аясында «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша банктегі 4,5 млрд теңге несиенің пайыздық үстемақысы субсидияланды. Бұдан басқа, 2012-2020 жылдары моноқалаларды дамыту» бағдарламасы шеңберінде несиенің сыйақысын субсидиялауға 744 млн теңге бөлінді.
Зауытқа 1,47 млрд теңгеге барлық инфрақұрылым тартылған, олар – автожол, телефонизация, ауыз су және техникалық су, кәріз, газқұбыры пен ЖЭТ.
Айта кетерлік жайт, құрылыс барысында 873 адам жұмыспен қамтылып, 491 адам зауыт ашылғаннан кейін тұрықты жұмысқа орналастырылды.