• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
«Бәйтерек» холдингі орта бизнеске қолдау көрсетудің жаңа бағдарламасын таныстырды 03.02.2015

«Бағдарлама табысты жүзеге асырылған жағдайда Қазақстанда өндіріс көлемін кемінде бір жылда 10%-ға және экспорттық тауар  үлесін 30%-ға арттыра алатын 30 компания пайда болады деген ойдамыз»,  - деді «Бәйтерек» ҰБХ»АҚ Басқарма төрағасы Қуандық Бишімбаев.

Қ.Бишімбаевтың айтуынша, бағдарламаның алғашқы жылы пилоттық болады және ол кезде агроөндіріс кешені, машинақұрылысы мен құрылыс материалдарын өндіру салаларына  басымдылық беріледі. Келер жылдары бағдарламаның кеңістігі кеңейтіледі және алғашқы жылдың нәтижесіне қарай өзгертулерде енгізіледі.

Осы ретте ҚР инвестициялар мен даму министрі Әсет Исекешевтың айтуынша, аталмыш бағдарлама 2015-2019 жылдарға арналған ИИДМБ ажырамас бөлігіне айналады.

«Бәйтерек» АҚ өкілдерінің айтуынша, ҚР ҰКП, әкімдіктер еліміздің 9 аймағында болып, 1,5 мың кәсіпкермен кездесіп, бағдарлама туралы түсініктеме берді. Бүгінде кәсіпкерлер тарапынан бағдарламаға қатысу үшін 200-ден астам өтініш келіп түсті.

Естеріңізге сала кетейік, бұл бағдарлама АҚШ, Франция, Германия, Сингапур және т. б. қатысушы компанияларының экспорт көлемі 25 % артқан елдердің тәжірибесіне сүйене отырып жасақталды.

Индира Кауметова

 


Back to the list