• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Ақтөбе рельс-арқалық зауыты жаңа өнімін таныстырды 03.02.2015

Ұлттық ккәсіпкерлер палатасынан хабарлағандай, 15 ақтөбелік компаниямен кездесу өткізудің негізгі мақсаты «Ақтөбе рельс арқалық зауыты» ЖШС қызметімен, өнімімімен және қуаттылығымен кеңірек таныстыру.

Қатысушыларға зауыттың құрылу тарихы, жобаның басымдылығы, рельс шығару технологиясының өзіндік бірегей ерекшеліктері, зауыттың жалпы өндірістік бағдарламасы, жаңа металл өнімі, тұтыну динамикасының өсімі туралы жан-жақты ақпарат берілді.

«АРАЗ» - инновациялық кәсіпорын, оны «ҚТЖ»ҰК»АҚ салды. Жобаның құны 399 млн долларға бағалануда, оның 60 пайыздан астамы Қазақстан Даму банкінен қарызға алынған.

«Біздің зауыт метал бұйымдарын тоқсан сайынғы тапсырыс бойынша өндіретін болады. Өнімді жеткізу ол тапсырыс берген күннен бастап, өнімді жеткізіп беруге дейін 45 күнге созылады. Баға осы саладағы зауыттардың бөлшек сауда бағасымен бірдей болады. Біз өз электр энергиямызды тұтынатынымызды ескерсек, онда «АРАЗ»ЖШС тауары біршама арзандау болады», - деді «АРАЗ»ЖШС өкілі Қайрат Дәулетов.


Back to the list