• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
«Кәсіпқор» холдингі ИИДМБ аясында жаңа білім беру бағарламаларын жасақтауда (ВИДЕО) 03.02.2015

«Бүгінде  «Кәсіпқор»Холдингі» ҰАҚ отандық өндіріс үшін жоғары білікті мамандарды дайындау бойынша жаңа әдістерді іздестіру және жасақтау бойынша жұмыстарын жалғастыруда», - деді Қ. Бөрібеков.

Осы ретте  «Кәсіпқор»холдинг» ҰАҚ жұмысы бірінші кезекте заманауи қазақстандық өндіріске және ИИДМБ қажетті мамандарды даярлау үшін жаңа технологиялар мен жаңа білім беру бағдарламаларын  жасақтауға бағытталған.

Сонымен қатар, «Кәсіпқор» холдинг» ҰАҚ осы  3 жылда, яғни өзінің толыққанды  жұмысын 2012 жылы бастады. Алғаш рет мұнай және газды өндіру мен тасымалдау салаларында білім беру бағдарламасы жасақталды.

Бөрібеков хабарлағандай, бұл бағдарламалар Канададан келген стратегиялық серіктестермен бірлесіп жасалған.

«Дәлірек айтсақ, ол - Оңтүстік Альберта университеті, бұл оқу орны жас мамандарды даярлау бойынша үздіктерді бірі», - деп атап өтті ол.

Индира Кауметова


Back to the list