• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
СҚО-ның Индустрияландыру картасына құны  4 млрд теңге тұратын 7 жоба ұсынылды 02.02.2015

СҚО әкімдігінің мәліметі бойынша, құрылыс барысында  2 мыңға жуық жұмыс орны, ал пайдалануға берілген сәтте 1400 жұмыс орны ашылды. Индустрияландыру картасы облыста 53 млрд теңгеден асатын өнім өндірді, оның ішінде 2014 жылы 23 млрд теңгенің тауарын шығарды. Бұл облыстың өнеркәсіптік өндірісі көлемінен 16%-ға артық немесе қайта өңдеу саласынан 20,2%-ға көп.

2015  жылы 2015-2019 жылдарға есептелген Индустриалды- инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы іске қосылды. Онда қайта өңдеу өндірісінің негізгі  6 бағытына басымдылық берілген.  Олар: металлургия, химия, мұнайхимия, машинақұрылысы, құрылыс материалдарының өндірісі, тамақ өндірісі.

«Ағымдағы жылғы Үдемелі индустриалды даму үйлестіру кеңесінің алғашқы отырысында жалпы құны 4 млрд теңгеге жуық 7 жоба мақұлданды. Нәтижесінде Индустрияландыру картасына жалпы инвестиция сомасы 23 млрд теңге болатын 26 жоба енгізілді», - делінген хабарламада. 


Back to the list