• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Атырау облысында ҮИИДМБ аясында 6 жоба іске қосылды – ІСБ 26.01.2015

Облыстың ішкі саясат басқармасы хабарлағандай, жалпы облыс көлемінде қаланың үлесі 39% құрайды. Модульдік үй тұрғызу фабрикасының құрылысы, жобаның құны - 668 млн.теңге, «Alan buildinq systems» ЖШС, 88 жаңа жұмыс орнының құрылуын қамтамасыз етті.Үй құрылысы комбинатын ұйымдастыру, жобаның құны-1500 млн. теңге, «БатысАльянсСтрой» ЖШС, 40 жаңа жұмыс орнын құрды. Тауарлы-бекіре фермасы құрылысы, жобаның құны -491 млн. теңге, «Caspian Royal Fish» ЖШС, 25 жаңа жұмыс орнын ашты. Ірі габаритті және аса ауыр бұйымдарды жинақтау өндірісін ұйымдастыру, жоба құны – 2500 млн. теңге, «Атырау нефтемаш» ЖШС, 250 жаңа жұмыс орнын ашты.

Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау үшін ірі габаритті бұрғылау кешені өндірісін ұйымдастыру, жоба құны – 645 млн.теңге, «Жігермұнайсервис» ЖШС, 33 жаңа жұмыс орнын ашты.

Бұрғылау колоннасының төменгі жағын құрастыру элементтерінің қосалқы бөлшектері мен PDC қашаулары тетіктерін өндіруді ұйымдастыру, жоба құны – 270 млн.теңге, «Жігермұнайсервис» ЖШС, 20 жаңа жұмыс орнының құрылуымен қуаттылыққа шықты.

2014 жылы қалалық әкімдік жанындағы үдемелі индустриялық-инновациялық даму мақсатында инновациялық жобаларды қарастыру жөніндегі Кеңес отырысында жалпы құны 5 027 млн. теңгені құрайтын 31 жоба қаралып, олардан 28 жоба мақұлданып, 12 кәсіпкер жер телімімен қамтамасыз етілді.

 


Back to the list