21.01.2015
Хабарламада айтылғандай, Қазақстанның Индустрияландыру картасына Ақтөбе облысынан 83 инвестициялық жоба енгізілген. Олардың инвестиция көлемі шамамен 691 млрд теңге болса, осының арқасында 11,8 мың жаңа жұмыс орны ашылмақ, деп хабарлайды өңірдің ішкі саясат басқармасы.
2014 жылы жалпы құны 220,5 млрд теңге болатын 7 инвестициялық жоба жұмыс істей бастаса, бұл өз кезегінде 1,4 мың тұрақты жұмыс орнын ашады деп күтілуде.