19.01.2015
«Индустриялды парктің аумағында 2015 жылы 6 жобаны жүзеге асыру жоспарланған, олар жобалық қуаттылығына бірден шығатын болады және 1500-ге жуық жұмыс орны ашылады», - делінген хабарламада.
Жалпы, бүгінде №1 Индустриалды парктың аумағына жалпы сомасы 168 млрд теңге болатын 50 жоба бойынша өтініш берілген. Осы ретте 21 жоба пайдалануға берілсе, 17-і бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде және тағы 12-і бойынша жобалау және рұқсат беретін құжаттарды рәсімдеу жүргізілуде.
Басқармадан атап өткендей, «Индустриалды паркті» құрудың негізгі мақсаты оның кәсіпорындарынан бюджеттің барлық деңгейіне түсетін салық төлемдерінің көлемін ұлғайту. Жоспарланып отырғандай, барлық жобалар жобалық қуаттылығына көшкенде олардан бюджетке түсетін салық төлемдері 5 млрд теңгені құрайды.
«Кәсіпорындар қызметінен түстен салық төлемдері 27,7 млрд теңгені құрады, оның ішінде 2014 жылы – 4,6 млрд теңге. Кәсіпорындардың бюджетке аударған салық төлемдерінің арқасында №1 Индустриалды паркінің құрылысына кеткен шығын толығымен өтелді», - деп толықтырды елордалық АЭА басқармасынан.
Камила Амирова