• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Ақмола облысында полиэтилен пакеттері өндірісі басталды (ФОТО) 16.01.2015

«Полимер Пласт» компаниясы өңірлік индустрияландыру картасы аясында өткен жылы ашылған. Жобаның жалпы құны 162 млн теңге. Қазіргі таңда кәсіпрында полиэтилен пакеттерінің 15-тен астам түрі шығарылады», - делінген хабарламада.

Облыс әкімдігінің хабарлауынша, мұндағы өндіріс қалдықсыз жүзеге асырылады. Пайдаланылған бұйымдар қоқыс пакеттерін жасау үшін қайта пайдаланылады. Жобалық қуаттылық мұнда жылына 1500 тонна өнімді құрайды. Кәсіпорын өнімі Астана, Көкшетау, Павлодар қалаларында және өңір аумағында үлкен сұранысқа ие. Өткен жылы кәсіпорын 1071 тонна өнім шығарса, оның құны 405 млн теңге. Қазіргі таңда кәсіпорында 37 жергілікті тұрғын жұмыс істейді. Олардың айлық жалақылары 60-70 мың теңге шамасында. Алдағы уақытта кәсіпорын өнім түрлерін кеңейте түспек. 


Back to the list