• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
ШҚО-да тантал-қалайы кендерін өндіру және  байыту  фабрикасын қайта іске қосу жоспарлануда 15.01.2015

Аталып өткендей, аталмыш фабрика он жылдан астам уақыт жұмыс істеген.  Ұлан ауданы әкімінің міндетін атқарушы  Дәулет  Батырбаевтың айтуынша, фабриканың базасы, техникалық желісі толығымен сақталынып қалған.

«Огневка ауылындағы фабриканың жұмысын жандандыруды «Белогор тау компаниясы» ЖШС көздеп отыр. Жоба 2015-2017 жылдар аралығында жүзеге асырылады. Оның құны 920 млн теңге. Қомақты қаржыны инвестордың өзі бөлетін болады», - делінген хабарламада.

Орталықтың ақпараты бойынша, кәсіпорында 200 адам жұмыс істейтін болады және олар тантал-қалайы кендерін өндіріп қана қоймай, қайта өңдейді.

Айта кетерлік жайт, жобаны жүзеге асыруды аймақ басшылығы инвестор өзінің қаржылық жағдайын растағаннан кейін ғана мақұлдайтын болады. 


Back to the list