• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Маңғыстау облысында ҮИИД МБ екінші бесжылдығында 77 инвестициялық жобаны жүзеге асыру көзделуде 10.01.2015

«ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды. Ақтау халықаралық теңіз сауда портының аумағында ҚР Инвестициялар және даму  министрі Қазақстанның батыс аймағының көлік-логистикалық мүмкіндігін дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді. Сонымен қатар Әсет Исекешев өңірдің бірқатар өндіріс ошақтарын аралады. Соның ішінде 2014 жылдың желтоқсанында «Ақтау теңіз порты» АЭА-ында ашылған «КИС-Ақтау» ЖШС индустриалдық құрылыс комбинаты бар. Жаңа комбинат жаңа технологияны пайдаланып темірбетон бұйымдарын және тұрғын үй құрылысына қажетті элементтерді шығарады», - делінген хабарламада.

Айта кетерлік жайт, 2010-2014 жж. Индустрияландыру картасы аясында өңірде жалпы сомасы 227,8 млрд. теңгені құрайтын 33 жоба іске қосылды. 3 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылды. 

 Бұдан басқа, Индустрияландыру бағдарламасының екінші бесжылдығына арналған жобалар қоржыны жасақталды, оның құрамына жалпы сомасы 1,8 трлн теңгені құрайтын 77 инвестициялық жоба енгізілді. Болжам бойынша 16 мың жаңа жұмыс орны ашылады. Мемлекеттің Индустрияландыру картасына енгізу үшін жалпы сомасы 1 трлн теңге болатын 58 инвестициялық жоба қарастырылуда, қалған 19 жоба зерттелуде.

2015-2019 жж. республикалық Индустрияландыру картасына енгізу үшін 2015-2022 жж. жүзеге асыру мерзімімен 23 жоба ұсынылды. Инвестицияның жалпы көлемі - 916,865 млрд. теңге. Нысандардың құрылысы кезінде 3 634 жұмыс орнын ашу көзделген. Одан әрі қарай 8 308 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. 

Инвестиция көлемі 84,526 млрд.теңгені құрайтын тағы 35 жобаны 2015-2019 жж. арналған Өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасына енгізу ұсынылды.

АЭА аумағында 31 қатысушы тіркелді, 9 жоба жүзеге асты, соның ішінде 4 жоба өткен жылы іске асырылды. Келісімшарттағы міндеттерін орындамаған 3 жобамен инвестициялық шарт бұзылды. Мұндай жағдайдың қайталанбауы және АЭА тиімді жұмысы үшін енді жер учаскелері нақты инвестициялық салымдары бар және соңына дейін жүзеге асыру кепілдігі бар нақты жобалар үшін бөлінеді. Сонымен бірге 22 жоба жүзеге асырылу сатысында, олардың 8-ін ағымдағы жылы іске қосу көзделген.


Back to the list