09.01.2015
«Қазақстан халқына «Нұрлы Жол» Жолдауында Мемлекет басшысы біздің алдымызға ҮИИД МБ үшін маман дайындау тапсырмасын жүктеген еді. Ондағы мақсат ғылым мен маман дайындау жұмыстарын бірге атқару. Елдегі 10 ЖОО-ға алдағы 3 жыл үшін 10 млрд теңге бөлінді. Біздің ойымызша, бұл ғылымды дамыту мен жоғары оқу орындарын дамыту үшін айтарлықтай үлкен инвестиция», - дейді Т.Балықбаев.
Вице-министрдің айтуынша, Астанадағы «Назарбаев университеті» базасында бизнес-кампус құрылып, онда геологиялық, ақпараттық-технологиялық, медициналық және өзге де кластерлер жұмыс істемек. Олар ғылыми жаңалықтар ашумен айналыспақ.
«Біз қазір ғалымдар бизнеспен бірлесіп нақты ғылыми зерттеулер жасауы үшін тәжірибелік-құрастыру жұмыстарын қаржыландыру көлемін ұлғайтуды көздеп отырмыз», - дейді министр орынбасары.
Оның айтуынша, ғылыми жұмыстар санын арттыру үшін министрлік жаңа гранттық бағдарламалар ұсынбақ.
Камила Амирова