• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
ҮИИД МБ бірінші бесжылдығында барлық шетелдік инвестициялардың 70%-ын  қазақстандық экономиканың қайта өңдеу секторы алды 29.12.2014

«Бірінші бесжылдықта барлық шетелдік инвестициялардың 70%-ын қайта өңдеу секторы алды.  Барлығы 770-тен астам жаңа кәсіпорын іске қосылды. Жұмысшылары жоғары білікті, еңбекақысы лайықты, мүлде жаңа деңгейдегі 75 мың тұрақты жұмыс орны құрылды», - деді Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар, өңдеуші өнеркәсіпте еңбек өнімділігі 60 пайызға жуық өсті. Әрбір еңбеккер жылына орта есеппен 20 мың долларға артық өнім өндіретін болды.

«Тау-кен өндіру саласының ІЖӨ-дегі үлесі 16,5 пайызға азайды. 5 жылда бұған дейін Қазақстанда өндірілмеген, мүлде жаңа 400 өнім түрі игерілді. Өңдеуші сектор Қазақстан Тәуелсіздігін алғаннан бергі уақытта экономикаға салынған барлық шетелдік инвестицияның 70 пайызын дерлік бірінші бесжылдықта алды», - деп толықтырды Н.Назарбаев.


Back to the list