26.12.2014
Олардың көмегімен 32 мың жұмыс орны ашылды. Бүгінгі таңда 46 жоба аяқталды, оның ішінде осы жылы 7-і қолданысқа берілді. Оның 60 пайызы жобалық қуаттылыққа шықты, қалғандары жүйелік кесте бойынша өндірісті жеделдетуде.
Айта кетейік, 25 желтоқсан күні Елбасының қатысуымен өткен телекөпір барысында Ақмола облысы Көкшетаудағы «Еңкі» ЖШС кәсіпорнын таныстырды. Ол 2010 жылы ҮИИД бойынша жүзеге асқан. Зауыт ашылғалы бері 170 млн дана кірпіш шығарылды. Кәсіпорында 250 адам жұмыс істеуде. Өнім Қазақстан мен Ресей аймақтарына жеткізіледі.