• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
«Астана – Жаңа қала» ЕЭА-да темір жол машинасын құрастыру кластері ашылды 25.12.2014

«Қазақстанда машина құрастыру саласы біртіндеп дамып келе жатыр. Бір кездері руда, астық мен өзге де тауарларды тасымалдауға вагон жетіспейтін, енді біз жолаушылар және өзге де вагондарды өндіреміз. Логистика – уақыттың талабы. Барлық автокөлік және темір жолдары тек логистиканың дамығанында ғана қарқын алады», - деді Елбасы.

Қазіргі таңда кластер 280 млрд теңгенің 306 жолаушылар вагоны, 290 тепловоз бен 26 электровоз ашылды. Жоғары технологиялар мен инновация темір жол техникасы саласының экспорт саласын дамытады. Ол өнімдер қазірдің өзінде Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан мен өзге де елдерде пайдаланылып жатыр.

Кластердің жұмысын қамтамасыз етудегі отандық тауар өндірушілердің үлесі қазіргі таңда 35 пайызды құрайды.

Алдағы уақытта кластер жаңа кәсіпкерлік – қазақстандық маркалы тепловоздарға арналған қозғалтқыш шығару зауыты ашылады.

Кластерге тепловоз өндірісі бойынша «Локомотив құрастыру зауыты», жүрдек поездарына арналған жолаушылар вагонын шығаратын «Тулпарт-Тальго» мен заманауи электровоз шығаратын «Электровоз құрастыру зауыты» кіреді.

Камила Амирова


Back to the list