25.12.2014
«Қазақстан экономикасының 6 пайыз өсімін қамтамасыз ету үшін бізге 10 мың жұмыс орнын ашу қажет. Өңдеу индустриясы 80 пайыз жоғары кәсіптік қызметті қажет етеді. Оның ішінде, ірі өндіріс – 20 пайызын ғана құрайды. Олар үнемі қысқарту жасап отырады, себебі өнімнің өнімділігі мен бәсекелестігін арттыру қажет», - деді Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстанның жаңа индустрияландырылуы: 2014 жыл мен бірінші бесжылдықтың нәтижелері» жалпыұлттық телекөпір барысында.
Н.Назарбаев атап өткендей, индустриядағы 1 жұмысшы қызмет көрсету саласында 3-5 жұмыс орнын бірден қамтиды.
Президент атап өткендей, индустрияландыру бағдарламасы міндетті түрде 30-дан 50 мыңға дейін жұмыс орнын ашып отыруы керек. «Үкімет пен әкімдер осы бағытта жұмысты белсенділету қажет», - деді Н.Назарбаев.
Камила Амирова