• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
«Қорғас - Шығыс қақпасы» АЭА құрғақ порты пайдалануға берілді 25.12.2014

«Құрғақ портты пайдалана бастауға рұқсат беремін. Бұл - Қытай Халық Республикасымен бірге біздердің елдеріміздің жоғары басшылығы келісімімен іске асырылып отырған ірі жоба. Біздің аталмыш портқа артып отырған үмітіміз зор. Ол біздің елдеріміз арасындағы тауар айналымының артуына сеп болмақ», - деді Президент портты іске қосу барысында.

Құрғақ порт «Қорғас - Шығыс қақпасы» АЭА-ның  негізгі бөлігі. Оның көлемі - 294 га, бұл АЭА-ның  1/3-ден астам бөлігі.

Сонымен қатар, 2015-2016 жылдарда порт 200 мыңнан астам контейнерді қайта өңдеуден өткізбекші. «Қорғас - Шығыс қақпасы» АЭА құрылысы мен пайдалануға берілген соң 25 мың жұмыс орны ашылады.

Естеріңізге сала кетейік, аталмыш құрғақ порттың құрылысының басталуына 2014 жылдың 2 шілдесінде өткен жалпыұлттық телекөпірде Елбасы рұқсат берген болатын.

Камила Амирова


Back to the list