• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Н.Назарбаев Ақтөбе рельс арқалық зауытын іске қосты 25.12.2014

Зауыт құрылысының мақсаты – «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның ұзын Р65 рельстері сұранысы мен ҚР-ның ірі сұрыпты прокаттағы болат қажеттілігін қанағаттандыру.

АРАЗ жобалық қуаттылығы жылына 200 тонна рельс пен 230 тонна сұрыптық өнім шығарады. Өндіріс «Siemens» компаниясының рельс шығару технологиясына негізделген. 120 метрлік рельс салынған жолда саңылау мен жапсар барынша аз болады. Тиісінше пойыз қозғалысы кезінде темір жолдың амортизация қаупі азаяды, шу бәсеңдеп, вагондардың теңселуі төмендейді.  

Зауыт құрылысы 2012 жылдың шілде айында қолға алынған. Оның аяқталуы мен алғашқы өнім шығару уақыты 2014 жылдың желтоқсан айы.

Зауытта бас корпус, қосымша корпус, машина залы, әкімшілік-тұрмыстық кешен, көмекші ғимарат секілді нысандар бар.  

Жобалық қуаттылыққа шыққан кезде зауыт қызметкерлері саны 764 адамға жетпек.

Камила Амирова


Back to the list