• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Ақмола облысында ҮИИД МБ аясында 105 млрд тенгеден астам қаражатқа 46 жоба жүзеге асырылды 23.12.2014

«Индустрияландыру картасы бойынша 105, млрд тенгеге 46 жоба жүзеге асырылып,  5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды. Іске қосылған кәсіпорындардың 32 - дайын өнім шығарса, 19 - жоғары құны қосылған өнімді өндіреді», - деп мәлімдеді әкім.

С. Кулагин хабарлағандай, ЖӨӨ құрылымындағы қайта өңдеу өндірісінің көлемі 9%-дан 14%-ға дейін, инновациялық белсенділік деңгейі 1,2%-дан 7%-ға дейін артты.

«Осы жылы Үй құрылысы комбинаты пайдалануға берілсе, 25 желтоқсанда телекөпір арқылы Степногорск қаласында күкірт қышқылы зауыты іске қосылады. Индустрияландыру картасы аясында енгізілген жобалардың өнеркәсіптік өндірістегі үлесі 35%-ға дейін көтерілді», - деп жалғастырды ол.

Бұдан басқа әкім, бүгінде Индустрияландыру картасы екінші бесжылдығының аясында жобаларды жүзеге асыру жүріп жатқанын тілге тиек етті.

«Бүгіннің өзінде Индустрияландыру картасының екінші бесжылдығына енгізілген жобалар - Еңбекшілдер ауданындағы цемент зауытының құрылысы,Степногорск қаласындағы алтын өндіру фабрикасының құрылысы, Зеренді ауданындағы  каолин тау-байыту комбинатының құрылысы 900-ден астам жаңа жұмыс орындарын ашу арқылы қарқынды жүргізілуде. Инвестициялық қоржында Индустрияландыру картасына енгізілген жалпы сомасы 119 млрд теңге  79 жоба бар», - деп түйді С. Кулагин.

Индира Кауметова


Back to the list