22.12.2014
«Индустрияландырудың бірінші бесжылдығы аясында инновациялық бизнес жаңа серпіліс алды. Егер 2003-2009 жылдар аралығында 180-ге жуық инновациялық жобалар қолдау тапса, 2010-2014 жылдар аралығында 580-нен астам жобаға қолдау көрсетілді», - делінген хабарламада.
Бұдан басқа, Қазақстанда 2009 жылмен салыстырғанда инновациялық өнімдер 7 есе артып, 2013 жылы 578,3 млрд теңгені құрады (ЖІӨ-нің 1,65%).
Сонымен қатар, 2009 жылмен салыстырғанда инновациялық белсенді кәсіпорындардың үлесі 4%-дан 8%-ға дейін артты.
«Кәсіпорындардың техникалық инновацияларға шығыны 7 есе өсті ( 61,0 ден 431,9 млрд теңгеге дейін). Сонымен қатар, Қазақстанда ҮИИД МБ жүзеге асырылғалы мемлекеттің Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі халықаралық рейтингісіндегі көрсеткіштері жақсарды. Атап айтар болсақ, «Инновация» факторы бойынша 31 сатыға (116 орыннан 85 орынға), Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі INSEAD бойынша 5 сатыға (84 орыннан 79 орынға) көтерілді. Техникалық инновацияға шетелдік инвестициялар көлемі 20 есе артты - 2-ден 40 млрд теңгеге дейін», - деп хабарлайды ведомство.
Жалпы индустрияландырудың алғашқы бесжылдығында қажетті заңнамалық және институционалды реформалар жүргізілді. Сонымен, кәсіпорындарға қолдау көрсетудің мемлекеттік жүйесі бір жолға қойылды, нәтиже де жаман емес.
Индира Кауметова