19.12.2014
«Сонымен қатар, ИТП АЭА екінші кезеңінің инфрақұрылымы мен ғимаратының құрылысы 163 га алаңда жүргізілуде. Инновациялық жоғары технологиялы өндіріс үшін бизнес-инкубатор жасақталып, ІТ-технологиялар саласындағы экспортқа бағытталған отандық өнімнің өндірісі бір жолға салынған», - деді әкім.
А. Есімов атап өткендей, 2011 жылдан бастап «Алатау» ИТП АЭА аумағындағы компаниялардың саны 4 есе артып, 158 компанияны құрады. Оның ішінде 8 компания 2014 жылы тіркелді.
Айта кетерлік жайт, Индустрияландыру картасына шаһар бойынша 531 млрд теңгенің 28 жобасы енді, олардың 20 жүзеге асырылып қойған.
Индира Кауметова