14.12.2014
«Жыл соңына дейін Ақмола облысында 355 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 13,7 млрд теңгенің 3 жобасы пайдалануға беріледі. Олар: «Қазатомпром КҚЗ»БК» ЖШС зауытына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жобасы, құны - 11,1 млрд теңге, қуаттылығы жылына 180 мың тонна өнім; тауық жұмытрқасын өндіретін құс фабрикасы «ҮшБұлақ - 2005» ЖШС салу жобасы, құны - 2 млрд 302 млн теңге, қуаттылығы жылына 90 млн дана жұмыртқа; «ҚазШпал» АҚ-да бетон панельдерінің өндірісін іске қосу жобасы, құны – 310 млн теңге, қуаттылығы жылына 20 мың кв м», - деді басқарма басшысы.
Әкімдіктің мәліметі бойынша, Ақмола облысында ауыл шаруашылығының жалпы ішкі өнімі 232,5 млрд теңгені, өнімнің ФИК 2013 жылғы деңгейге қарағанда – 102,9% құрады. «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасын жүзеге асыру барысында 50,4 млрд теңгенің 304 жобасы мақұлданды. Барлық қаржыландыру көзінен 2,7 мың аз қамтылған азаматтарға 69,4 млн теңгеге әлеуметтік көмек көрсетілді. Өндіріс, шағын және орта бизнесті дамыту және әлеуметтік нысандарды іске қосу аясында 10,8 мың жаңа жұмыс орындары ашылды. «Балапан» бағдарламасы аясында жыл басынан бері 11 шағын орталық пен 7 балабақша ашылып, жұмыс істеп отырған мектепке дейінгі мекемелер 843 орынға кеңейтілді.
«Келелі кеңесте аймақ басшысы Сергей Кулагин әлеуметтік маңызды азық-түлік өнімдері мен ЖЖ бағасы сақталып қалуы мен бюджет қаржысын игеру және өнім көлемін арттыру мәселесіне назар аударды», - деп әкімдіктен толықтырды.