13.12.2014
Аталып өткендей, «Central Asia Gold Production» ЖШС зауытының ашылу салтанатына аймақ басшысы Кәрім Көкірекбаев қатысып, аталмыш жобаның Қордай ауданы мен облыстың экономикасын дамытудағы маңызын тілге тиек етті.
Хабарланғандай, ҮИИД МБ аясында ашылған зауыт жылына 500 кг таза алтынды өндірмекші және мұнда 150 адам тұрақты жұмысқа орналастырылған.
«Жобаның құны 2,1 млрд теңге, жақын арада ол өзінің жобалық қуаттылығына шығып, жылына жергілікті бюджетке салық ретінде 200 млн теңге жуық қаражат төлейді», - делінген хабарламада.