10.12.2014
Хабарламада айтылғандай, «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасын іске асырғалы бері, 2011 жылдың шілдесі мен 2014 жылдың 1 қараша аралығында оған 21 321 адам қатысса, соның 17 116-сы жұмыссыз, 6 205-і өзін өзі жұмыспен қамтушы халық, ал 678-і әлеуметтік аз қамсыздандырылған азаматтар. 29 жасқа дейінгі жастардың үлесі 54,8 пайызды құрайды, ал әйелдердің үлесі 47,3 пайыз.
Ішкі саясат басқармасының хабарлауынша, бағдарлама бойынша жалпы қаржыландыру көлемі 11 768,8 млн теңгені құрады. Атап айтар болсақ, 2011 жылы 567,8 млн теңге, 2012 жылы 2 151,9 млн теңге, 2013 жылы 4 247,6 млн теңге, ал биыл 4 801,5 млн теңге.