• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
ОҚО-да ҮИИД МБ аясында шифер зауыты мен гофрокартон өндіретін зауыт ашылды 09.12.2014

«Шифер өндіретін алғашқы кәсіпорын «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында қаржыландырылған. Жоба құны 1,2 млрд. теңгені құрап, «Хатчек» әдісімен өнім шығарады. Мұнда 100 адам жұмыспен қамтылып, шығарылған өнім өңір нарығы мен Жамбыл, Қызылорда облыстарына, Тәжікстан Республикасына жөнелтілуде. Зауыт жылына 2,3 млн. дана шифер өндіру мүмкіндігіне ие», - делінген хабарламада.

 Ал гофрокортон шығаратын зауыт «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқан. Жоба құны 650 млн. теңгені құрап, «Максимум» аймақтық инвестициялық орталығы арқылы қаржыландырылған.

 Мұнда бүгінде 60 адам жұмыспен қамтылып отыр. Кәсіпорын өндіріске қажетті шикізатты Ресейден, Алматыдан алдырып, жылына 63,3 млн. шаршы метр кортон шығару мүмкіндігіне ие.

Кәсіпорындардың ашылу рәсімінде сөз алған облыс әкімі бұл кәсіпорындар Елбасының жуырда ғана өңірімізге жасаған жұмыс сапары барысында Шымкент қаласының ірі мегаполистердің қатарына қосылуына байланысты берген тапсырмаларының аясында іске асып жатқанын мәлімдеді.

 


Back to the list