09.12.2014
Оның айтуынша, бағдарламаға кәсіпкерлерді қаржылай және қаржылай емес қолдау түрлері енгізілген. «Қаржыландырудың негізгі құралы субсидиялау және кәсіпкерлердің коммерциялық банктерден алатын несиесін кепілдендіру, сонымен қатар инновациялық жобаларды жүзеге асыруға гранттар бөлу», - деп толықтырды ол.
Төрайым хабарлағандай, бүгінде қайта өңдеу саласындағы ШОБ қолдау көрсету бағдарламасы үлкен қызығушылық танытуда. Бағдарлама аясында кәсіпорынды несиелендіру шарттары өте тиімді, оларға несие 10 жылға 6% жылдық үстемақымен беріледі. «2014 жылдың 27 маусымдағы жағдай бойынша еліміздің 13 банкі 205 жоба бойынша ШОБ субъектлерін жалпы сомасы 54 956 млн. теңгеге несиелендірді», - деді Л.Ибрагимова.
Сондай-ақ ол атап өткендей, «Даму» қоры жаңадан кәсібін бастаған кәсіпкерлерге де қолдау көрсетеді. «Біздің қолдау көрсету жүйеміз жаңадан кәсібін бастаған кәсіпкерлерге қолдау көрсететіндей етіп құрылған. Ол үшін бізде КҚКО жұмыс істейді. Ондағы кеңесшілер кез-келген азаматқа ЖК, ЖШС сынды заңды тұлғаны қалай ашуға болатыны туралы кеңес береді. Тіпті, «Бизнес кеңесші», «Жаңадан бастаған кәсіпкер мектебі» сынды оқыту бағдарламалары да бар. Онда оларға бизнес жоспар жасауды, несиені, субсидия мен гранттарды қалай алуға болатыны үйретіледі», - деді ол.
Сонымен қатар ол толықтырып өткендей, бизнес жоспар жасалғаннан кейін қаржыландыру үшін көмек сұрауға болады.