• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Жарқайың ауданында 2020 жылға дейін Индустрияландыру картасы бойынша 6 инвестициялық жоба жүзеге асырылады 03.12.2014

Қуаты жылына 150,0 мың тоннаны құрайтын фракциялық қиыршық тас кешені құрылысының  жобасы бойынша бүгінде бункер мен қиыршық тасты тас елекке  бөлгіш орналастырылған және жұмыс жасауға дайын, сонымен тас елек   100% дайын. Ұнтағыш пен қабылдауға арналған бункерлерді дайындау бойынша да жұмыстар жүргізілуде. 

Жылына қуаты 8,4 мың тонна болатын диірмен кешенінің құрылысы бойынша (ауысымдық нормасы 30 тонна) 500 млн теңге инвестиция жоспарланған. Жүзеге асыру мерзімі 2015-2017 жылдар. 

Сонымен қатар, «Державинский хлебопродукт» ЖШС-ның «Нан өнімдері  кешенінің құрылысы» жобасына 11 гектар алаңды құрайтын жер телімі берілген. 

Державинск қаласындағы қуаты жылына 50 мың тоннаны құрайтын  желілік элеватор құрылысы 2014-2016 жылдарға жоспарлануда. Қазіргі таңда жер телімі бөлініп, құрал-жабдық құнының 30%-ы көлемінде алдын-ала төлем жасалған, құрал-жабдықтарды ағымдағы жылы жеткізу жоспарланған. 

Сонымен қатар, бүгінгі таңда Ирандық инвесторлармен Тасты-Талды селосында жылына қуаты 120 мың тоннаны құрайтын элеваторды қайта қалпына келтіру бойынша жоба жүзеге асырылуда. Астықты қабылдау келесі жылдан басталады.  


Back to the list