• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
2015 жылдан бастап «Алтын сапа» және «Қазақстанның ең үздік тауары» байқауын ҰКП ұйымдастыруы мүмкін - Рау 02.12.2014

«Биыл конкурсқа бірқатар өзгерістер енгізілді. Бұл өзгерістер ең алдымен конкурсқа барынша көп кәсіпорындарды тартуға бағытталған. Бұл жерде Ұлттық кәсіпкерлер палатасының көмегі көп тиді. Олар аудандардағы, ауылдардағы кәсіпкерлерге жол ашты. Жалпы, қазір «Алтын сапа» және «Қазақстанның ең үздік тауары» конкурстарын келесі жылдан бастап толықтай Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өткізсін деген  Президенттің Жарлығы дайындалуда. Осылайша, бизнес өз-өзіне баға береді»,-деп хабарлады Рау.

«Бүгінгі таңда 24-25 желтоқсанда аталған шара өтеді деп жоспарланған, бірінші бесжылдықтың  қорытындысы шыққан соң, салалық қорда сараптама жасалатын болады.«Алтын сапа» жүлдесіне өзін не өнімін ұсыну үшін кәсіпорынның тәжірибесі болу керек. Яғни, Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының бірінші бесжылдығында салынған кәсіпорындар «Алтын сапа» сапа байқауына қатысып, жүлде алып жүргені олардың бәсекеге қабілетті кәсіпорындар екенін көрсетеді»,-дейді вице-министр.

Айта кетейік, 2006 жылдан бері «Алтын сапа» жүлдесіне 7000-нан астам кәсіпорын қатысқан. Соңғы бірнеше жылдан бері бұл жүлдеге индустрияландыру картасы аясында ашылған кәсіпорындардың қатысып жатқандығы қуантады.

Индира Қауметова 


Back to the list