02.12.2014
Кәсіпорынның өндірістік көлемі жылына 10 мың дана немесе 2 млрд 555 млн теңгенің өнімі шығарылады.Жобаны жүзеге асыру мақсатында 70 жұмыс орнын ашу жоспарланған.
Жоба Өскемендегі аяқталмаған темір-бетон зауытының аймағында басталды. Жоспарланған өнім көлемі технологиялық түрде сапалы, жоғары сапалы қондырғымен дайындалады.
«Бұл кәсіпорын тек өңірге ғана емес республика үшін де аса қажет. Бұл нысанда мұнай және газ өндірісіне арматура өндіріледі. Қала және облыс басшылығының атынан біздің кәсіпкерлерге алғыс айтқым келеді», - деді Өскемен қаласының әкімі Темірбек Қасымжанов.
Жоба индустриалды-инновациялық өндірісті құруды қарастырады, ол өндірістік арматура және мұнай өндірістік қондырғыны шығаруға бағытталған.
Сондай-ақ, Өскеменде УИИД МБ аясында тағы 16 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Оның жалпы құны 242,8 млрд теңге. Жоба республикалық маңызы бар болып есептеледі. 16 жобаның 3-і жоспарланған жобалық қуаттылыққа шықты, 6 жоба жүзеге асты, 2015-2017 жылдары жобалық қуатттылққа шығу жоспарланған, 5 жоба жүзеге асу деңгейінде тұр.