• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Жоғары білікті мамандарды даярлау жүйесі ҮИИД МБ табысты дамуын қамтамасыз етеді - Әбдіров (Брифинг бейнебаяны) 24.11.2014

«Тамақ және химия өндірісін үдемелі инновациялық дамыту агроөндірістік кешенмен тығыз байланысты. Өсімдікшаруашылығы тамақ және химия өндірісіне шикізат көзін шеткізушілердің бірі. Осы ретте аталмыш салаларды  үдемелі инновациялық дамыту жоғары білікті, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау жүйесін жетілдірместен мүмкін емес», - деді ол.

 А. Әбдіровтың есептеуінше, Елбасының халыққа Жолдауында атап көрсеткен 10 жоғарғы оқу орнына қаржы бөлу  олардың техникалық базасын нығайтуға мүмкіндік береді. Олар заманауи техникамен жабдықталып, студенттер озық технологиямен өз білімдерін жетілдіреді.

«Жаһандану және әлемнің білім беру жүйесіне ену кезеңінде білім беру бағдарламасын ұдайы жетілдіру қажеттілігі туындайды, олар әлемдік білім беру стандарды деңгейінде болуы керек», - деп жалғастырды ол.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы «Нурлы жол - болашаққа бастар жол» халыққа Жолдауында әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамыту мәселесіне назар аударды. Президент еліміздің 10 ЖОО  материалдық-техникалық базасын жетілдіру  үшін қаржы бөлетінін хабарлады.

Индира Кауметова


Back to the list