23.11.2014
Ілкімді жобаны «Қазақстан Ғарыш Сапары»ҰК»АҚ жетекші еуропалық AirbusDefenseandSpace компаниясымен бірлесіп жүзеге асыруда.
«Қазақстан Ғарыш Сапарында» атап өткендей, ҚЖЗ ҒЖ Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін қамтамасыз етуге және мемлекеттің аумағы туралы жедел мониторингтік ақпарат алуға арналған. Айта кетерлік жайт, ол салалық экономиканың, қорғаныс пен ұлттық қауіпсіздіктің бірқатар мәселелерін шеше алады.
ҚР-ның ҚЖЗ ҒЖ жобасы аясында KazEOSat-1 мен KazEOSat-2 жер серіктерінен ғарыштық суреттер жіберіліп тұратын болады. Олар табиғат апаттарын алдын алуға, мемлекеттің қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында пайдаланылатын болады.