21.11.2014
«Құрметті Съезге қатысушылар минералды шикізаттың алынуы мен өндірілуі, қара және түсті металлургия қазақстандық экономиканың негізгі болып есептеледі. Тау-кен металлургиялық кәсіпорындардың тұрақты жұмысы, яғни ол жүздеген жұмыс орындары мен қазақстандық өңірлердің тұрақты дамуы. Бүгін әлемдік нарықтарда метал саласының динамикасы тұрақты өсуде», - делінген Президенттің үндеуінде.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы «Инвестициялық ахуалдың жетілуі» туралы заңның қабылдануы өте маңызды қадам болғандығын айтып өтті.
«Нұрлы жол экономикалық саясатының жүзеге асуы мен инфрақұрылымға құйылатын ауқымды инвестициялар саланың дамуына жаңа серпін береді. Съездің ұзақ алаңы өзекті сұрақтарды шешуде және ұлттық экономиканы дамытуда үлкен рөл атқарады», - деді Президент.
Камила Амирова