• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
4,5 жылда Қазақстандағы еңбек өнімділігі 60%-ға  артты – Исекешев 21.11.2014

Жаңа индустриялдық саясат аясында «Өнімділік-2020» бағдарламасы іске асырылуда. Ол жаңа өндіріс ошақтарын құру мен қолда бар зауыттарды жаңғыртуға бағытталған. Қазіргі таңда оның қатысушылары ретінде 8 саланың  71 кәсіпкерлік субъектілері тіркелген. Соның ішінде 67 жоба кешенді жоспарды дайындау мен сараптамаға 81,2 млн теңге көлемінде төлем алды.  

«Бізде «Өнімділік-2020» атты арнайы бағдарлама қабылданды. Ол алдымен тексеріліп, қазіргі таңда өзін-өзі дәлелдей бастады. Жалпы «Өнімділік-2020» бағдарламасы аясында 4,5 жылда Қазақстандағы еңбек өнімділігі 60% артты», - дейді министр.

Сонымен қатар, 14 жоба бойынша 21,1 млрд теңгенің ұзақмерзімді лизингтік қаржыландыруы мақұлданды. Инновациялық гранттарға 32 жоба иеленді. Гранттардың жалпы құны 174,7 млн теңге. Бағдарламаның арқасында 5 мыңдай жаңа жұмыс орны ашылды.

Өз кезегінде индустрияландырудың екінші бесжылдығы ҮИИД МБ заңды жалғасы болып табылады. Ол бірінші бесжылдықта кеткен олқылықтардың орнын толытырып, өз кезегінде жаңаша жұмыс істейтін болады.

ҮИИД МБ екінші бесжылдығының басты мақсаты – қазақстандық экономика тиімділіггінің трендін арттыру, осы жолда еңбек өнеімділігін арттырып, ресурстарды тиімді қолдану тетіктерін құрастыру болып табылады.  

Индира Қауметова


Back to the list