22.11.2014
Оның айутынша, орталықта қабылдау, орналастыру, сақтау, іріктеу мен тауарларды түсіру бойынша технологиялық операцияларды орындауға арналған аймақтар мен көмекші аймақтар қарастырылған.
«Көкеніс өнімдерін сақтау мен сұрыптау мақсатында «ШИМ» ЖШС жылына 3 мың шаршы метр қуаттылыққа ие көлік-тасымал орталығын, көкеніс терминалын ашты. Жобаның артықшылығы сонда, халықты жыл он екі ай бойы тұрақты түрде сапалы өніммен қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек», - дейді бөлім жетекшісі.
Алдағы уақытта «AccentLogistics» ЖШС 2 800 орындық және 2 0000 орындық мультимодальді көлік-тасымал орталығы құрылысын жоспарлап отыр, дейді.
Бөлім жетекшісінің пікірінше, алдағы уақытта Ақтөбе халықаралық әуежайы базасында көлік-тасымал хабының құрылуы көзделуде. Аталмыш жобаның іске асырылуы Ақтөбе қаласының әлеуметтік-экономикалық инфрақұрылымыын дамыту қажеттілігінен туған.
«Қаланың теңдессіз географиялық орналасуы өңірдің алдағы даму болашағының негізгі факторы болып табылатын еуроазиялық тауар ағымын жүзеге асыруға арналған тамаша жағдай құрмақ», - дейді Д.Боранқұлов.