• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Ақтөбе облысының Индустриалды аймағында 15-ке жуық өндірістік және көліктік-логистикалық нысандар орналасады 21.11.2014

Ол атап өткендей, Ақтөбеде Индустриалды аймақты құру жұмыстары жүргізілуде. Бұл мақсатта 200 га жер учаскісі бөлініп, жобаның ТЭН жасалды және оған қатысты барлық қорытындылар жағымды. «Инфрақұрылымның нысандар  құрылысының құны 8 млрд теңге. Сыртқы инфрақұрылымның құрылысы жүргізілуде, 2015 жылы ішкі инфрақұрылымның құрылысы басталады. Индустриалды аймақтың саласы анықталған, ол химия, мұнайгаз, құрылыс пен көлік салаларын дамытуға бағытталған. Индустриалды аймақтың аумағында 15-ке жуық өндірістік және көліктік-логистикалық нысандарды орналастыру жоспарланған», - деді Р.Низамутдинов.

Оның айтуынша, индустриалды аймақтың алғашқы резиденттерімен келісім жасалды. Ол темірконструкциялары мен темір өнімдерін, тауарлы бетон мен асфальтбетонды, ТБӨ өндірумен айналысатын - «Ұлан Компаниясы» ЖШС. Инвестиция көлемі - 12,4 млн долл, құрылатын жұмыс орны - 150 дана. Сонымен қатар, құбыр өндірісімен айналысатын «Қазақстанның құбыр компаниясы» ЖШС келісім жасалды, ол жылына 90 мың тонна құбыр шығаруға қауқарлы, инвестиция көлемі  17,7 млн долл,  70 жаңа жұмыс орны ашылады және зауыт оңтүстік-кореялық заманауи техникамен жабдықталмақшы.

«Аталмыш сала Ақтөбе облысында басымдылық берілгендер қатарынан. Бүгінде индустриалды аймаққа шетелдік инвесторларды тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде», - деп толықтырды ол.

Бұдан басқа, «Алғы ауданында Индустриалды аймақты құру» жобасы бойынша ТЭН жасақтау жұмыстары басталды. « 100 га жер учаскісі бөлінді», - деп түйді Рахимжан Низамутдинов. 


Back to the list