• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Ерейментау ауданында ЖҚЖК бойынша 66 млн теңгенің 7 жобасы мақұлданды 19.11.2014

Бағдарламаның «Кәсіпкерлік әлеуетті арттыру» бағыты бойынша биыл жұмыс істеп тұрған және әлеуетті 26 кәсіпкер бизнес негіздері бойынша оқытылып, сертификат алды. «Мұнымен қатар тыңдаушылар кәсіпкерлікті бастау, маркетинг, заңгерлік негіздер бойынша қысқамерзімді курстан өтті. Аталмыш сертификаттар гранттық несиелендіру бағдарламаларына қатысуға мүмкіндік береді», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, гранттық қаржыландырумен қолдау құралдарына «Масақпай» ЖШС-нің жүк өңдеу бойынша жобасы енгізілген.

Айта кету керек, Ерейментау ауданында халық арасында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша ақпараттандыру жұмыстары жүргізіліп, халықтың сауаты артқан. Биыл аудан активі мен кәсіпкерлерінің қатысуымен осы мақсатта 3 ресми шара ұйымдастырылды.

Биылғы жылдың шілде айында «Даму» қоры ХҚКО ғимаратында Кәсіпкерлерді қолдау орталығын да ашты. 

 

 


Back to the list