19.11.2014
«Мұнай өндіру көлемі мақұлданған деңгейде сақталды, 2015 жылы ол 81,8 млн тоннаны құраса, 2019 жылы 96 млн тоннаға дейін артады»,- деп хабарлады Сенатта вице-министр.
М.Құсайынов атап өткендей, Қазақстанда нақты өндіріс өсімінің деңгейі 1,4%-ға (мақұлданған көрсеткіштен 0,4 п.к. ), 2015 жылы 5,5%-ға, 2019 жылы қайта өңдеу өндірісінің төмендеуі есебінен 1,8%-ға (тамыздық болжамнан 1 п.к.) төмендетілген.
Вице-министр хабарлағандай, сауда қызметінің өсімі 2015 жылы 10,9% құрайды, бұл мақұлданған мағынадан 0,4 п.к. төмен. Осы ретте оның айтуынша, көлік, ақпарат және байланыс қызметтері 7%-ға өседі.
«Экспорт көрсеткіштері 2015 жылы 72,1 млрд доллар көлемінде болады деп болжануда, бұл ағымдағы жылдың тамыз айындағы мақұлданған болжамынан 7,1 млрл долларға төмен. Импорт 4,1 млрд долларға төмендетіліп, 46 млрд долларды құрайды»,- деді ол.
Камила Амирова